Жазасын өтеушілер қолдарымен мұздан мүсін жасады
РММ «ЕС-164/6 мекемесінде» Жаңа жыл мейрамы қорытынды бөлігіне байланысты, сотталған әйелдер арасында, қолдарымен мұздан жасалған қалалар презентациясы өтті,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Мереке алдында бір неше апта бұрын барлық жасақтардан өнерлік топтары жиналып бұл дәстүрлі байқауға қатысуға өз қалауларын білдірді. Мұз қалашықты бағалау барысында төрағалар мен көрермендер нағыз ертегі әлеміне келгендей сезінді. Көпшіліктің келісімімен Үшінші жасақтың мұз қаласы жақсы деп танылды. Олар атақты фильм «Пираты карипского моря»әлемге аты шыққан кино жұлдызы Джек Воробейдін баскаруында болған «Черная жемчужина» кемесін ұсынды. Кеменің бас жағында Пираттардың қара туы бекітілген. Палубада «жаңа 2020 жылдарыңмен» деген құттықтау сөз орын алды. Кеме орналасқан жерде қардан тышканның және жасыл шыршаның мүсіні болды. Екінші жасақ өз қалаларын жаңа жылдық ертегіге байланыстырып Аяз ата мен Ақшақардың мүсіндерін және орманның тұрақты тұрғындары Аю мен Тиыннын мүсіндерін жасады. Оларды тышканның мүсіні карсы алуда. Қаланың бір шетінде елорданың нышанына айналған Бәйтерек орын алған. Төрағалардың келісімі бойынша 1 жасақтың мұз қаласы ең белсенді және креативті болып шешілді. Олар өз мұз қалашығын теңіз хандығына байланыстырып, бас нышан ретінде қолына үш тісті найза ұстаған су перісі және үлкен сегізаяқты мүсіндеген. Әр қатысушы теңіз түбіндегі таңғажайып тұрғындарын өздерінің фантазиясымен мүсіндеп, көрсетті. Презентация жасау үшін әділқазылар мүшелеріне әдейілеп әшекейленген киімдер «Осминога и патрика –героя» атты мультфильм үзіндісінің қаһармандары тігілді.Әр жасалынған мүсінге дайындалған әзілді тақпақтар оқытылды.Осы себептен олар бірінші орынға ие болды.Екінші орынға 2-жасақ құрамасы ие болды,ал үшінші орынға 3 -жасақ құрамасы ие болды.