Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жедел-құтқару жасағы демалыс орындарын тексерді

Қостанай облысының су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2020 жылғы шомылу маусымы кезеңінде жедел-құтқару жасағының құтқарушылары демалыс орындары иелерінің өтініштері бойынша шомылу орындарын демалушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін заттардан тазарту және тексеруді жүргізеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған іс-шаралар Денисов ауданының “Солнечный” балалар сауықтыру лагерінде, Лисаков қаласының “Алый парус” балалар сауықтыру лагерінде, Қарабалық ауданының “Достық” балалар сауықтыру лагерінде, Жітіқара қаласының қалалық жағажайында, Қостанай қаласының қалалық жағажайында, Лисаков қаласының жағажайында өткізілді.

Суда шомылушыларды қамтамасыз ету мақсатында маусым басталғанға дейін 14 құтқарушы – жасақтар оқытылды. Оқу процесіне су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері, суға батушыға көмек көрсету, құтқару құралдарын пайдалану ережелері, суға батқан кезде дәрігерге дейінгі
алғашқы көмек көрсету кіреді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру