Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жеке басын анықтайтын құжаттары жоқ 25 адам анықталды

Шымкентте «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 13 қаңтары мен 12 ақпан аралығында қала аумағында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Аталған іс-шараның мақсаты – Шымкент қаласының аумағында заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды анықтау, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу және елімізде шетелдіктердің болу қағидаларын бұзуды, ел аумағынан заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар азаматтарды анықтау, сондай-ақ төтенше жағдайға байланысты ел аумағынан шыға алмай қалған шетелдіктерді әкімшілік жауапкершілікке тартпай, Қазақстан Респбуликасының аумағынан шығуға ықпал ету.

Іс-шараның осы күнге дейінгі нәтижесінде Шымкент қаласы бойынша Қазақстан Республикасына келу, болу және ҚР-нан кету ережелерін бұзған 199 шетелдіктер мен Қазақстан Республикасының азаматтары анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шымкент қаласы Полиция департаментінің қабылдап-бөлу мекемесіне жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ 25 адам орналастырылды, 182 адамның саусақ іздері алынып есепке қойылды.

Шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен 13, шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған төрт ҚР азаматы анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 518 және 519-баптарымен әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру