Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жұрттың көзіне түскен жүргізуші

Солтүстік Қазақстан облысында шетелдік маркалы көліктің жүргізушісі түсіп қалған бейнежазба әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Инстаграм қолданушылары Петропавл орталығында жол ережесін бірнеше рет бұзған  “Toyota Hilux” жүргізушісін талқылап жатыр. Бейнеге  жолдағы басқа жүргізуші түсіріп алған. Ол және тәртіп бұзушыны ұстамақ та болыпты.

Бейнежазбаны қолға түсірген полицейлер көлік иесін тез тапты.

30 жастағы Петропавл тұрғыны қазір екі бап бойынша әкімшілік жауапқа тартылып жатыр: ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабы — қарама-қарсы бағытқа шыққаны үшін, сондай-ақ авариялық жағдай туғызған жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 606-баптың 1-бөлігі бойынша. Айыппұл мөлшері — 80 мың теңге.

Естеріңізге сала кетейік, бұл — әлеуметтік желі арқылы мәлім болған бірінші жағдай емес. Қаңтар айында да Петропавлдың екі тұрғыны матрац үстіндегі серуен үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру