Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Су тасқынына орай сақтық шаралары күшейтілді

Шығыс Қазақстан обылсында ауа райының күрт жылынуына байланысты су тасқынының алдын алу жұмыстары басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биылғы қалың жауған қардан су тасқыны болу қаупі бар. Көктемгі су тасқыны еліміздегі біраз аймақтар үшін сын сағат саналатыны жасырын емес.

ШҚО бойынша ОВ 156/2 мекемесі Ертіс өзенінің жағасында таулы аумақта орналасқан. Бұл жер су тасқыны болу қаупі бар аумаққа жатады. Синоптиктердің болжауы бойынша алдағы уақытта күн күрт жылынуы мүмкін.

Осыған орай ОВ 156/2 мекеме қызметкерлері мен осы мекеме аумағында орналасқан ӨА-17 «Еңбек-Өскемен» РМК қызметкерлері және 6699 әскери бөлімінің 1-атқыштар ротасымен бірлесе тасқынға дайындық шаралары жүргізілді. Аталған іс-шараға екі тазалағыш трактор 72 қызметкер жұмылдырылды.

Іс-шара барысында арықтар мен өзекшелерді тазалау, тереңдету, су ағарларды кеңейту жұмыстары жүргізілді. Сақтық шаралары алдын ала ойластырылып, кешенді түрде жүргізілсе, кез келген қауіпті еңсеруге болатыны сөзсіз. Су басу қаупінің алдын алу шаралары мен қар тазалау жұмыстары айдың аяғына дейін жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру