Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Зауытта қару балқытылды

Ақтөбе ферроқорытпа зауытының пештерінде 93 бірлік қару балқытылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 наурызда Ақтөбе облысы Полиция департаментінің қызметкерлері кезекті комиссиялық қаруды жою жұмыстарын жүргізді.

Қаруларды пешке жібермес бұрын, комиссия тексеру жүргізіп, содан кейін ғана қару балқыту пештеріне жөнелтіледі.

Зауыттың балқыту пештерінде 92 бірлік қару балқытылды: оның ішінде 3 –ойық, 81 – тегіс ұңғылы, 7 – травматикалық және 1 – электрлі, сондай-ақ 62 дана патрон жойылды.

Барлық жойылған қару полиция қызметкерлерімен тәркіленген немесе тұрғындардың өз еркімен тапсырылған.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру