Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жерлесінің велосипедін ұрлаған Қызылорда облысының тұрғыны ұсталды

Жерлесінің велосипедін ұрлаған Қызылорда облысының тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 мамыр күні Шиелі ауданының тұрғыны үйінің ауласындағы сарайының ішінде тұрған велосипедін ұрлап кеткені туралы Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі ауданының полиция бөліміне арызданған.

Тексеру барысында түнгі уақытта үй иелерінің ұқтап жатқанын, жеке үйінің ауласындағы сарайының есігінің ашық тұрғанын пайдаланып, велосипедін белгісіз біреу жасырын ұрлап кеткен.

Аудандық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру барысында ұрлық жасаған ауыл тұрғыны екені анықталып, ұсталды. Заттай дәлелдеме ретінде велосипед алынып, жәбірленушіге қол-хат арқылы берілді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру