Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жеті айдың ішінде СҚО криминалистері 2 мыңнан астам зерттеулер жүргізді

Жеті айдың ішінде СҚО криминалистері 2 мыңнан астам зерттеулер жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалистер жұмысының маңызды бөлігі оқиға орнынан айғақ заттарды алудан және зерттеуден тұрады. Аталған жұмыстың ең маңызды желісі – дактилоскопиялық зерттеу.

СҚО-да 7 ай ішінде «погонды ғалымдар», криминалистерді осылай атайды, 1426 оқиға орнына шығып, 2938-ден астам қол және 500-ден астам трасологиялық іздер (аяқ киім, көлік құралы, бұзу және тағы басқа құралдар) алды.

Сонымен қатар, 157 биологиялық із, 92 иіс іздерін және 123 микробөлшек алған. Бұдан басқа, аумақ бөліністерінің тапсырмалары бойынша зерттеулер жүргізеді. Айта кететіні, әр алынған қару криминалистердің зерттеуіне түседі.

– Кей кездері белгілі бір қиыншылықтар туындап жатады. Тиісті жағдайда сақталмаған ескі қаруды атып көру эксперименті барысында үлгі жарылмас үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолданып, қашықтықта атуға тура келеді. Зерттеуге ұсынылған үлгілердің атыс қаруына жатқызылуы анықталады, атуға жарамдылығы, маркасы, калибрі, серия нөмірі белгіленеді, кейін ҚР ІІМ криминалдық есептері бойынша тексеріледі, – дейді СҚО ПД Жедел-криминалистикалық басқармасы бастығының орынбасары Евгений Богачев.

Жыл басынан облыс криминалистерімен 2133 түрлі зерттеулер жүргізілді. Әдетте криминалистер жұмыстарының нәтижесі сотқа дейінгі тергеу барысында маңызды роль атқарады, күдіктінің іске қатыстылығын растайды не теріске шығарады. Алайда зерттеулер күдіктінің жеке басын анықтауға септігін тигізетін жағдайлар да жетерлік. Жыл басынан дактилоскопиялық есеп жұмысының көмегімен 91 қылмыстың беті ашылды.

Сонымен қатар, фотороботты салу және «Образ++ 3.0» деректер базасын пайдалану 69 қылмысты ашуға септігін тигізсе, тағы 25 қылмыс аяқ киім іздерінің, бұзып кіру құралдарының және көлік құралдары жиынтықтарының көмегімен ашылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру