Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да өңіраралық есірткі тобының мүшелері 10 жылға абақтыға қамалды

ШҚО-да өңіраралық есірткі тобының мүшелері 10 жылға абақтыға қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылдың жазында полицейлер елдің шығысында және Алматы облысында әрекет еткен ірі есірткі желісін жою бойынша кең ауқымды арнайы операция жүргізді. Бір ай ішінде топтың барлық алты қатысушысы ұсталды. Қазіргі уақытта сот үкімімен олар 10 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Мұқият астыртын әрекет етіп, қылмыскерлер әрдайым жалдамалы пәтерлерді ауыстырып отырған. Есірткі желісінің әр мүшесіне жүктелген жұмысы болған: біреуі жеткізу үшін жауап берсе, екіншісі есірткінің дозасын өлшеп, кейіннен қала бойынша жасырып отырған. Тінту барысында сатуға дайын шамамен 10 келі синтетикалық есірткіні тәркіленді, бұл шамамен 100 000 бір реттік дозаға тең.

Қазіргі уақытта олардың барлығы орташа және ең жоғары қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтейтін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру