Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мотоцикл айдап әкеткен өскемендік полицейлердің қолына түсті

Мотоцикл айдап әкеткен өскемендік полицейлердің қолына түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шілде айының ортасында түнгі сағат 01:17-де патрульдік полиция қызметкерлері Өскемен қаласындағы Абай даңғылын патрульдеу кезінде бірнеше сағат бұрын Suzuki Volty-250 мотоциклін заңсыз иемденген 37 жастағы қала тұрғынын тоқтатқан.

Қаскөй 15 шілде күні сағат 22:00-де қаладағы ірі ЖШС бірінің тұрағынан мотоциклді ұрлап, иесіне 660 мың теңге шығын келтірген.

Жауап алу барысында 37 жастағы жүргізуші кінәсін мойындап, мотоцикл арнайы тұраққа қойылды. Ер адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК – нің 200-бабы 1-бөлігі (Айдап әкету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы баптың санкциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру