Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісай полицейлері танысын алдаған тұрғынды анықтады

Жетісай полицейлері танысын алдаған тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, танысы мемлекеттен 1,3 млн теңге көлемінде қайтарымсыз субсидия алып беремін деп уағдаласып, алдап кеткенін жеткізді.

Яғни, сенімге кірген әйел ауыл тұрғынынан 200 мың теңгеден астам ақшасын алып, соңында хабарсыз кеткен. Уәде етілген қаражатты ала алмаған жәбірленуші болса, полициядан көмек сұрады.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеп, қылмысты ашуға кірісті.

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шарасы барысында алаяқтық жасады деген күдіктіні анықтады. Күдікті, жергілікті тұрғын аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда Жетісай аудандық полиция бөлімінде алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Болған оқиғаның мән-жайы мен күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру