Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісай полицейлері тұрғынның ауласынан 35 түп сораны тәркіледі

Жетісай полицейлері тұрғынның ауласынан 35 түп сораны тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай АПБ-ға жергілікті тұрғындардың бірінен ақпарат келіп түскен. Онда сырттай танысының бірі есірткі затын егіп, өсірумен айналысатыны жөнінде көрсетілген. Аталған жайт СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркеліп, СДТТБТ-ға енгізілді. Хабар алысымен тәртіп сақшылары бірден жедел-іздестіру шарасына кірісті.

Осылайша, полиция қызметкерлері жинақталған ақпарат көздері арқылы күдікті тұрғынның жеке-басы мен мекенжайын анықтады. Полицейлер күдіктінің үйінің ауласын тексеру барысында егіліп, бапталған 35 түп есірткі өсімдігі анықталды. Айғақты зат ретінде алынған есірткіге ұқсас затқа сот-сараптамалық зерттеу тағайындалды. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған түп “сора” есірткі заты болып шықты.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азамат қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру