Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Денсаулығымды бақылау үшін”: Теміртау тұрғыны дүкеннен фитнес білезігін қолды қылды

Теміртау тұрғыны дүкеннен фитнес білезігін ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 тамызда сауда кәсіпорындарының бірінің директоры Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне жүгінді. Ол дүкенде орналасқан бутикте белгісіз біреу фитнес білезігін ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын көлемі 35 мың теңгені құрайды. ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

14 тамызда жедел-іздестіру шаралары кезінде криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 40 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол өзінің денсаулығын бақылау үшін құрылғыны ұрлағанын түсіндіріп, кінәсін мойындады. Айғақты зат алынып, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру