Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандындыда мас ер адам бөтеннің көлігін айдап кетті

Қарағандындыда мас ер адам бөтеннің көлігін айдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 тамызда 57 жастағы қала тұрғыны Қарағанды ​​қаласының ПБ Теміржол полиция бөліміне жүгінді. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, 13 тамызда танысы оның ВАЗ-21099 көлігін ұрлап кеткен.

Бұл арада Қарағанды ​​облысы Қарқаралы ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері “Автокөлік” профилактикалық іс-шарасы кезінде Егіндібұлақ ауылы аумағында ұрланған көлікті тауып алды. Көліктің жүргізуші мас күйінде болған. Көлік тәркіленіп, 44 жастағы ер адамға қатысты ҚР ӘҚБт кодексінің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материал сотқа жіберілді.

Сол күні көлік иесіне қайтарылды. Ал көлік ұрлаушыға қатысты қазір қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру