Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жасырын жұмыс істеген ойынхана анықталды

Шымкенттік полицейлер карантиндік шектеулерді бұзған кезекті ойынхана анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен ағымдағы жылғы 22 тамызда жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шара барысында Жолан батыр көшесі бойында орналасқан “GAME PLAY” ойынханасы сағат 23:43-те карантиндік талаптарды сақтамай келушідерді қабылдап жатқандығы анықталды.


Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру