Жетісай тұрғыны егістік алқапқа ұрлыққа түскен
Жетісай тұрғыны егістік алқапқа ұрлыққа түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысы бар жас жігітті ұстады.
Нақтырақ айтсақ, ауыл тұрғындарының бірі полицияға арызданып, егістік алқабынан белгісіз біреу 16 дана кленка орамасын ұрлап кеткенін хабарлады. Шығынның жалпы көлемі шамамен 500 мың теңгені құрады.
Оқиға орнына тез арада жедел-тергеу тобы шығып, қажетті іс-шараларды атқарды. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәлардан жауап алды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер ұрлық жасаған күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты.
Осы жайт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Бүгінде оқиғаның толық мән-жайы мен жас жігіттің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.