Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада мектеп автобустары тексеріліп жатыр

Астанада мектеп автобустары тексеріліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 наурыз бен 10 сәуір аралығында елорда аумағында “Балалардың жолдағы қауіпсіздігі” атты республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

Аталған іс-шара аясында жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері Астана қаласының көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп, мектеп автобустарының техникалық жай-күйінің қауіпсіз пайдалану талаптарына сәйкестігін тексерді.

Мектеп автобустарының жүргізушілерімен және автопарк басшылығымен ЖҚЕ талаптарын зерделеу және бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ жолаушы-балаларды тасымалдау кезінде мұқияттылық танытып, оларға ұқыпты қарау туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Бұдан басқа жүргізуші құрамды жалдау кезінде және оларды балаларды тасымалдауға жібермес бұрын заңнамаға сәйкес мұқият тексеру жүзеге асырылады.

Астана қаласының полиция департаменті жол қозғалысына қатысушылардан жолдарда мұқият болуды және жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру