Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы Сайран көлінің маңында жоғалып кеткен 4 жасар баланы тапты

Алматы полициясы Сайран көлінің маңында жоғалып кеткен 4 жасар баланы тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“102” пультіне 4 жасар Әмірдің жоғалғаны туралы хабар бір күн бұрын сағат 19:15-те келіп түскен.
Сәбидің әкесінің айтуынша, ол бутикте көңілі ауып, Әмірді көзден таса қылып алған. Тәуелсіз іздестірулер нәтиже бермеген соң, ол полицияға қоңырау шалған.

Баланы іздестіру үшін ПД-ның алдыңғы саптағы және жедел бөлімшелерінің максималды күштері: патрульдік полиция, учаскелік инспекторлар, криминалдық және ювеналды полиция қызметкерлері жұмылдырылды.

Көлге жақын орналасқан тұрғын аудан, бала жылынуға болатын тамақтандыру орындары, қараусыз қалған аумақтар және т.б.тексерілді.

Сағат 21:25 шамасында полиция радиоэфирі арқылы “Буран-052” патрульдік экипажының инспекторлары Ержан Аманбол мен Ерсін Смаил “Бала табылды, ол тірі!” деген қуанышты хабарды жеткізді.

– Тұрғын үйлердің аулалары мен ойын алаңдары назардан тыс қалмады. “Кәусар” тұрғын үй кешеніне кірдік. Ауланың ортасында бір бала тұрды. Ол абдырап қалған, шамасы, туыстарын немесе үйін іздеп көрді, бірақ ол жыламады, өзін жақсы ұстады. Сол күні кешке өте суық болды. Ең алдымен біз оны жылытып, жақын маңдағы дүкеннен тіскебасар сатып алып, әкесіне апардық. Көпшіл бала. Сондықтан да болар, әкесі басқа жаққа алаңдап кеткенде, серуендеуге бел буған. Ең бастысы – Әмір аман-есен табылды және қазір отбасымен бірге, – дейді Ержан Аманжол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру