Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісай тұрғынының үйіне ұрлыққа түскен ер адам анықталды

Жетісай тұрғынының үйіне ұрлыққа түскен ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адам өз хабарламасында, үйіне белгісіз біреу кіріп, екі бірдей телефонын ұрлап шыққан сәтінде ұстап алғанын жеткізді.

Аталған жайт бірден ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркеуге алынды.

Оқиға орнына шыққан полицейлер күдіктіні полиция бөліміне жеткізді. Ол жазасын шартты түрде өтеу үшін 2022 жылдың желтоқсан айында ғана шығып, алайда бір ай болмай қайта қылмыс жасағаны белгілі болды. Сондай-ақ тексеру кезінде күдікті жәбірленушінің үйінен бөлек, оның көршісінің үйіне ұрлыққа түскені анықталды.

Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жалпы, өткен 2022 жылы Жетісай ауданында телефон ұрлығының тіркелімі 64,0 пайызға азайған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру