Жетісайлық әйел көршісінің 16 млн теңгеден астам қаржысын жымқырған
Жетісайлық тұрғын көршісін Түркиядан арзан бағада әйелдерге арналған алтын әшекей заттарын сатып әкеліп беремін деп алдап соққан, – деп хабарлайды Polisia.kz
Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның танысы Түркиядан арзан бағада әйелдерге арналған алтын әшекей заттарын сатып әкеліп беретінін айтып, әбден сеніміне кіріп, жалпы 16 130 000 теңге ақшасын және 2 млн теңгелік алтын әшекейлерін алдап алып кеткен.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.
Тәжірибелі тәртіп сақшылары қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олардың жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, осы қылмысқа қатысы бар күдікті ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.
Анықталғандай, күдікті мен жәбірленуші көрші болып шықты. Ол жәбірленушіден алған ақша мен әшекей бұйымдарды бас пайдасына жаратып жіберген. Полицейлер оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде