Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жалған құжатпен шекарадан өтпек болған екі шетелдік ұсталды

Түркістан облысында жалған құжатпен шекарадан өтпек болған екі шетелдік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Сарыағаш АПБ-ға Жібек жолы шекаралық бақылау бөлімшесінің қызметкерлерінен хабарлама түсті. Онда Өзбекстан республикасының екі азаматы Қазақстан Республикасының шекарасынан өтпек болған кезінде құжаттарында кінәрат бар екендігі көрсетілген. Хабарламаны алған Сарыағаш АПБ-ның полиция қызметкерлерінен тәжірибелі топ құрылып, бірден оқиға орнына келді. Осылайша ел аумағынан шықпақ болған екі азаматтың құжаттары мұқият тексерілді. Нәтижесінде шетелдіктердің құжаттары жалған екені расталды.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 385-бабы (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша тіркеді.

Қазіргі таңда іс құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау мақсатында Сарыағаш аудандық сотына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру