Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісайлық ерлі-зайыпты-полицейлер

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні қарсаңында Polisia.kz редакциясы ішкі істер саласында қызмет атқарып жүрген полицейлердің жанұялары туралы ақпарат ұсынбақ.

Отбасының аман-саулығы – әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей, әке жолын жалғаушылардың бірі – Азамат Салтөреев. Оның әкесі – Сағдат, осы саланың ыстық-суығына төзіп, абыройлы қызмет еткен жан.

Өз кезегінде күнделікті әкесінің форма киіп, қауіпсіздікті қамтамасыз еткенін көріп, өскен Азамат, ес білгенде ойланбастан осы салаға келген.

Бүгінде Азаматтың сүйіп қосылған жары да – полицей. Қазіргі таңда Азамат, жары Дина Аубакирова екеуі Жетісай аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторлары полиция майоры шенінде жауапкершілікпен жұмыс жасауда.

Ерлі-зайыптылар өз сөздерінде:

– Отбасы деген шағын ғана мемлекетіміздің берік те бақытты болуы үшін ең бастысы халықтың қауіпсіздігін басты назарда ұстаймыз, адал қызмет етеміз. Өз балаларымызбен қатар, басқа жасөспірімдердің де тәрбиесін қадағалап, олардың қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтауға барымызды салып еңбек етеміз, – деп атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру