Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мықты отбасы – Қылмыстық атқару жүйесі қызметкері үшін сенімді тыл

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні қарсаңында Polisia.kz редакциясы ішкі істер саласында қызмет атқарып жүрген полицейлердің жанұялары туралы ақпарат ұсынбақ.

10 жылдан астам уақыт бұрын ол достарының көңілді отырысына келіп,онда әдемі қызды кездестірген. Бойжеткен қыздың есімі – Динара. Әр кездесу сайын сезімдері күшейіп, бірнеше айдан кейін ғашықтардың өмір бойы бірге өмір сүргісі келетіндігіне күмәндары болмай, аязды қыста үйленуге бел буған бүгінгі кейіпкерлеріміз – Битимбаевтар отбасы.

Айқын Битимбаев – 1987 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында Қарауыл ауылында дүниеге келген. 2007 жылы Абай аудандық әскери военкоматымен әскерге шақырылып, әскери борышын Алматы қаласының 61993 әскери бөлімінде өтеген.

Қылмыстық Атқару Жүйесі саласында 13 жылдан астам уақыт қызмет атқарып келеді және отбасы Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерінің өміріндегі ең маңызды тыл екенін біледі. Еңбек жолын 2008 жылы бақылаушылар бөлімінің бақылаушысы ретінде бастап бүгінде ШҚО ҚАЖД ОВ 156/6 мекемесінің тәртіп бөлімінің орынбасары лауазымын атқаруда. Айқынның бала кезде армандағаны ол – ішкі істер органдары қызметкері киімін кию болды.

– Бала кезімде мен әскери киім үлгісіндегі адамдарды немесе полиция қызметкерлерін көргенде қызығып, өскенде мен полиция боламын деп армандап айтып жүретінмін, – деді. – Мен өз жұмысымды жақсы көремін, бұл салада қызмет атқару үшін төзім мен сабыр керек, әрине алдымен маған тағдырдың күтпеген бұрылыстарынан өтуге көмектесетін жақын және сүйікті адамдардың қолдауы, сондай ақ отбасында бір-біріне адалдық маңызды болып саналады, шаңырақ көтерілген күннен бастап өз жұбайының қорғаушысы,қолдаушысы болу,отбасы міндеттерін адал атқару қажет, түсіністік пен құрмет болуы керек деп есептеймін, – дейді кейіпкер.

– Отбасы болғасын ыдыс-аяқ шылдырламай тұрмайды,әйел адам бір саты ер адамын жоғары ұстауы тиіс, бақытты отбасында ең алдымен түсіністік пен сыйластық болуы керек және әрқашан бір біріне қол ұштарын созып,қолдауға дайын болулары қажет,отбасында үндестік орнаса ол бақытты отбасыға апарар бірден бір жол,отбасылық бақыттың құпиясы өзін-өзі дамыту және бір –біріне құрмет көрсету, біз бірімізді қабылдауға және қамқорлық жасауға тырысуымыз керек. Бір-біріне қамқорлық бұл махаббатың көрінісі, – дейді жұбайы Динара.

Динараның мамандығы медбике, жұмысын жақсы көреді және адамдарға көмектесуді ұнатады. Үлгілі отбасылардың қатарына жатқызуға болатын Битимбаевтар отбасында қазіргі таңда екі бала тәрбиеленуде.Үлгілі отбасы – тәуелсіз елдің тірегі болып табылады.

Бүгінде Қазақстанда короновирус кезінде ажырасу саны үш есе азайды. Ал үйлену саны 16%-ға пайызға азайған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру