Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында есірткіге қарсы велошеру ұйымдастырылды

Жетісу облысында есірткіге қарсы велошеру ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Салауатты өмір салты дұрыс таңдаудан басталады. Спортты, белсенді өмірді және өз болашағына жауапкершілікпен қарауды таңдаудан. Дәл осы идеяны Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған нашақорлыққа қарсы айлық аясында Текелі қаласында өткен облыстық велошеру біріктірді.

Ауқымды акцияға мемлекеттік органдардың өкілдері, жастар ұйымдары, спортшылар, қоғам белсенділері және қала тұрғындары қатысып, жалпы саны 130-ға жуық адамды құрады. Олардың барлығын бір мақсат — салауатты өмір салтын қолдау және есірткіге үзілді-кесілді «жоқ» деу біріктірді.

Велосипедшілер легі қала көшелерімен жүріп өтіп, спортқа, белсенді демалысқа және қауіпсіз болашаққа деген ұстанымдарын көрсетті. Көптеген қатысушылар үшін велошеру жай ғана спорттық шара емес, есірткіге қарсы профилактика мен өскелең ұрпақ арасында дұрыс өмірлік құндылықтарды қалыптастыру жолындағы қоғам бірлігінің символына айналды.

Осындай іс-шараларды өткізу қоғамның есірткіге қарсы иммунитетін нығайтуға, есірткі құралдарын пайдалануға деген теріс көзқарасты қалыптастыруға және жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді.

—  Қуатты қоғам — дені сау жастардан басталады. Осындай әрбір акция спорттың, қозғалыстың және белсенді өмірлік ұстанымның зиянды әдеттерге қарсы ең тиімді балама екенін еске салады, — дейді іс-шараны ұйымдастырушылар.

Текелі қаласында өткен велошеру мемлекет, қоғам және азаматтардың бірлескен күш-жігері арқылы салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастырып, болашақ ұрпақ үшін қауіпсіз орта құрудың жарқын үлгісіне айналды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру