Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полицейлер адам саудасының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Жетісу облысында полицейлер адам саудасының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кербұлақ ауданында Жетісу облысының полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері еңбек және адам саудасының алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шара өткізді.

Кездесу ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарының иелерінің қатысуымен әкімдік ғимаратында өтті. Полицейлер азаматтарға мәжбүрлі еңбекке тарту, адамның бостандығын шектеу және өзге де қанаудың түрлері үшін қарастырылған жауапкершілік туралы заң нормаларын жан-жақты түсіндірді.

Мұндай заңсыз әрекеттердің салдарына ерекше назар аударылды. Құқық қорғаушылар құлдық пен мәжбүрлі еңбекке жол беру ауыр қылмыс екенін, ол үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік көзделгенін атап өтті.

Осындай кездесулердің басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, жауапкершілік пен адам саудасына немқұрайлық танытпау сезімін қалыптастыру, сондай-ақ адамды қанаудың кез келген түріне нөлдік төзімділікті орнықтыру. Полицейлер азаматтарға күмән тудыратын жағдайлар байқалған жағдайда бірден полицияға немесе "102" нөмірі арқылы хабарласуға болатынын еске салды. Мұндай профилактикалық іс-шаралар облыстың басқа аудандарында да жалғасын табады, өйткені әрбір азаматтың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау – құқық қорғау органдарының басты басымдығы болып қала бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру