Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полиция жағалаудағы тәртіпті қамтамасыз етуде

Жетісу облысында полиция жағалаудағы тәртіпті қамтамасыз етуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алакөл көлі Жетісу облысының ең көрікті туристік орындарының бірі саналады. Көлдің табиғи ерекшеліктері, таза ауасы, көркем табиғаты мен шипалы суы жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелден келетін мыңдаған туристі өзіне тартады.

Туристік маусым кезінде Жетісу облысының полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарып, демалушылардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде. Жағалау аумағында жаяу және автопатрульдер тәулік бойы қызмет көрсетіп, халық көп шоғырланатын орындарда полиция қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылған.

Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бақылап қана қоймай, туристерге қажетті көмек көрсетеді, профилактикалық жұмыстар жүргізеді және келіп түскен хабарламалар мен өтініштерге жедел әрекет етеді.

Полиция демалушыларға қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салады: балаларды қараусыз қалдырмау, тек рұқсат етілген орындарда шомылу, жеке мүлікке ұқыпты қарау және қоғамдық тәртіпті сақтау қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру