Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында зейнеткер тонау қылмысын ашқан полицейлерге алғыс білдірді

Жетісу облысында зейнеткер тонау қылмысын ашқан полицейлерге алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қарашада Қаратал аудандық полиция бөлімінің “102” каналына жергілікті тұрғыннан белгісіз адам қолынан пакетті (ішінде зейнетақысымен бірге әмиян) жұлып алып, қашып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Аудандық полиция қызметкерлері айтылған белгілері бойынша бұдан бұрын сотталған адамдардың қатыстылығын тексерді. Екі сағат ішінде күдікті анықталды. Ол бұрындары басқа біреудің мүлкін ұрлағаны үшін жауапқа тартылған 45 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Жәберленушіні тонаған күдікті қамауға алынды.

Дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабының 1-бөлімінде (Тонау) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне тонаушыны жедел ұстағаны үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру