Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында жарты тонна балық ресурстарын заңсыз тасымалдамақ болған тұрғын анықталды

Жетісу облысында жарты тонна балық ресурстарын заңсыз тасымалдамақ болған тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Рейдтік іс-шараларды жүргізу барысында өңірдің табиғатты қорғау полициясы Қаратал балық инспекциясы бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, балықты заңсыз тасымалдаған Үштөбе қаласының тұрғынын ұстады.

– Автокөліктің багаж бөлігін тексеру кезінде тасымалдауға тиісті құжаттары жоқ 495 келі балық анықталған. Алдын ала залал 1 115 000 теңгені құрады. Осы факті бойынша тексеру жүргізілуде, нәтижелері бойынша құқық бұзушы жауапқа тартылады, – деп атап өтті Табиғат қорғау полициясының бастығы Бағлан Рымжанов.

Жиналған құжаттар соңғы шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Өңір аумағында рейдтік іс-шаралар жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру