Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында жазғы сауықтыру маусымында мектеп автобустары тексерілуде

Жетісу облысында жазғы сауықтыру маусымында мектеп автобустары тексерілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Балалардың ұйымдасқан топтарын тасымалдау кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жетісу облысы  полиция департаментінің қызметкерлері жазғы сауықтыру маусымы кезеңінде кешенді профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.

Бұл ретте кәмелетке толмағандарды демалыс орындарына және кері бағытта қауіпсіз жеткізуді ұйымдастыру мәселесіне ерекше назар аударылуда.

Профилактикалық жұмыстар аясында балаларды ұйымдасқан түрде тасымалдауға тартылған мектеп автобустары мен өзге де көлік құралдарына тексеру жүргізілуде. Полицейлер көліктердің техникалық жай-күйін, міндетті техникалық байқаудан өтуін, алғашқы медициналық көмек қобдишалары мен өрт сөндіргіштердің болуы және жарамдылығын, сондай-ақ олардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бақылауда ұстап отыр.

Сонымен қатар жүргізушілермен қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау, жол қозғалысы қағидаларын мүлтіксіз орындау және балаларды тасымалдау кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Жазғы сауықтыру маусымы басталғалы бері облыстық полиция бөлімшелері балалар топтарын ұйымдасқан түрде тасымалдау бойынша екі бағытта жалпы саны 78 алып жүруді қамтамасыз етті. Нәтижесінде балалардың демалыс орындарына қауіпсіз жетуіне және үйлеріне аман-есен оралуына қажетті жағдай жасалды.

Полиция балаларды ұйымдасқан түрде тасымалдау белгіленген қауіпсіздік талаптарына қатаң сәйкес жүзеге асырылуы тиіс екенін еске салады. Осыған байланысты тасымалдау процесіне қатысушыларды қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға және балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру