Жетісу облысының полицейлері мас күйінде көлік тізгіндеген алматылықты анықтады
Жетісу облысының полицейлері мас күйінде көлік тізгіндеген алматылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алакөл ауданының полицейлері Достық станциясында алкогольдік ішімдік ішіп алып, Daimler Crysler шағын жүк көлігін басқарған 35 жастағы Алматы қаласының тұрғынын ұстады.
Медициналық куәландыру арқылы жүргізушінің алкогольдік ішімдік ішкендігі расталды.
Ұсталған жүргізуші 2-топтағы мүгедек болып шықты. Арнайы базаны тексерген кезде, осы жылдың ақпан айында ер адам дәл осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды.
Құқық бұзушылықтың қайталануын ескере отырып, ҚР ҚК-нің 346-бабында (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) көзделген қылмыстық іс қозғалды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ер адамға үлкен ақшалай айыппұл, бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.