Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарт анасын қорлаған астаналық тұрғын қамауға алынды

Қарт анасын қорлаған астаналық тұрғын қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“102” арнасына елорданың 81 жастағы тұрғынынан хабарлама келіп түсті. Жәбірленушінің айтуынша, оның 55 жастағы ұлы үйде жанжал шығарып, оны қорлаған және кемсіткен.

Астаналық тұрғын үйге мас күйінде келіп, үйде жанжал шығарып, анасына қатысты балағат сөздер айтып, оның ар-намысын қорлап, сол арқылы психологиялық зорлық-зомбылық көрсете бастағаны анықталды.

Аталған дерек бойынша Сарыарқа ауданы ПБ учаскелік инспекторы Ернар Әбдірашев құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 26-28 сәуірі аралығында елорда аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Оның аясында елордалық полицейлер қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту мақсатында әрбір учаскені барынша пысықтауды жүргізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру