Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысының тұрғыны қарызын қайтармаған көршісін ұрып-соқты

Жетісу облысының тұрғыны қарызын қайтармаған көршісін ұрып-соқты, – деп хабарлайды Polisia.kz

Талдықорған қаласындағы ауруханалардың біріне ауыр жарақат алған ер адам түсті. Науқастың жақ сүйегі сынған, бас сүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы, мұрны, қабырғалары мен маңдай сүйегі сынған, сонымен қатар жіңішке өткір затпен бірнеше рет жарақат алғаны анықталды.

Науқас Ескелді ауданы Қаратал ауылының 53 жастағы тұрғыны болып шықты, ол ауылдасымен жанжалдасып, оның әрекетінен зардап шеккен. Көп ұзамай күдікті анықталды.

Полиция бөлімінде 51 жастағы ер адам жәбірленушіге жарақат келтіргенің мойындады, оның айғақтарына сәйкес, ол көршісіне бірнеше рет үлкен мөлшерде қарыз берген, ал жәбірленуші белгіленген мерзімде қарызын қайтармаған.

Күдіктінің айтуынша, қарыздың жалпы сомасы млн теңгеден асты. Соңғы кездесу кезінде ерлердің арасында төбелес орын алып, оның барысында біреуі жұдырықтан басқа, етік тігетін инені де қолданған. Күдікті қамауға алынды.

Дерек бойынша тергеу ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру