Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полициясы бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыс нәтижелерін қорытындылады

Жетісу полициясы бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыс нәтижелерін қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы gолиция департаментінде бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы шығарылды, оның нәтижесі бойынша өңірдегі қылмыстың төмендегені байқалады.

– Өңір полицейлері атқарған жұмыстарының нәтижесінде тіркелген қылмыстар саны 28,2%-ға төмендеді, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД бастығы Сарқытбай Құсаинов.

Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда аса ауыр қылмыстар саны 24,2%-ға, ұрлық 25%-ға, мал ұрлығы 26,9%-ға төмендеді. Жасалған қылмыстардың ашылуы 69,9%-ды құрады, тонау, қарақшылық, көлік ұрлау, адам өлтіру және денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактілері бойынша жасалған қылмыстар 100%-ға ашылғанын атап өткен жөн.

– Мемлекет басшысы қазіргі қоғамның басты мәселелерінің бірі – нашақорлыққа назар аударды. Жыл басынан бері 92 кг астам әр түрлі есірткілер мен олардың прекурсорлары тәркіленді, нашақорлық мәселесі әркімге қатысты екенін түсініп, бұл дертпен күресті бірлесе жүргізу қажет, – деп толықтырды С. Құсаинов.

Сонымен қатар сервистік полицияны, атап айтқанда «полиция қадамдық қол жетімділікте» қағидатын іске асыруға көп көңіл бөлінеді. Облыс бойынша полиция департаментінің басшылығы тікелей қатысатын «аулаларда қабылдау» акциясы өткізіледі, бұл акциялар халықтың барлық мәселелерін тікелей тыңдауға және оларды сол жерде шешуге мүмкіндік береді.

– Біздің алдымызда Мемлекет басшысы мен ішкі істер министрі қойған нақты міндеттер бар, Жетісу полицейлері қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерін салады, – деп толықтырды С. Құсаинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру