Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полициясы жолда қалып қойған жолаушылар автобустарына көмектесті

Жетісу полициясы жолда қалып қойған жолаушылар автобустарына көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әрқайсысында 50-ге жуық адам болған алты автобус Алакөл ауданындағы Үшарал қаласының маңындағы қарлы боранның салдарынан тұрып қалды. Жолаушылар көлігі Абай облысына бет алғаны белгілі болды, бірақ Алматы – Өскемен автожолы учаскесінің жабылу себебінен Үшарал қаласында 17 сағаттан астам тұруға мәжбүр болды. 

Жел басылғаннан кейін арнайы техниканың (автогрейдердің) көмегімен патруль қызметкерлері жолды тазартуды ұйымдастырып, 6 автобус пен 15 жеңіл автокөлікті көрші Абай облысындағы жолдың тазартылған учаскесіне дейін алып жүрді. Жалпы, полицейлер 125 шақырым жолды тазалап, автокөліктерді ертіп жүрді.

– Жолаушылар арасында қарттар мен балалар болды. Біз бәрін жылытуға, тамақтандыруға тырыстық. Содан кейін көрші Абай облысының әріптестеріне тапсырдық. Олар автобустар легін келесі бағыт бойынша межелі орынға, яғни Үржар мен Мақаншыға дейін жеткізу жұмыстарын жалғастырды, – деп хабарлады облыс ПД ППБ 6-взводының командирі Азамат Жиенбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру