Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлттық ұланда жаңа оқу жылы басталды

Ұлттық ұланның “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде 2023 жылғы жаңа оқу кезеңі басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қолбасшылық басқармасының офицерлерімен, сондай-ақ әскери қызметшілерімен және сарбаздармен алғашқы тәрбиелік сабақ өтті. Оны Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары Жандос Омарқұлов жүргізді.

Сабақ барысында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының 2023 оқу жылына қойған жауынгерлік тапсырмаларын нақтылады.

– 2022 жылы біз ұлы құндылығымыз – Республика және Тәуелсіздік күндерін атап өттік. Егеменді ел деп танылған сәттен бастап Қазақстан бүкіл әлемде маңызы бар ел ретінде танылып, өзінің мемлекеттік статусын қорғап келеді. Биылғы жылдан бастап 25 қазан Республика күні ретінде атаулы даталардың біріне айналып, мемлекеттік мереке мәртебесіне ие болды. Еліміз үшін маңызды қадам жасалған сәт тарих қойнауында қалып қоймай, қазақстандықтар үшін құрмет тұтатын мемлекеттік тұрғыда маңызы бар мерекеге болып қала бермек, – деді Жандос Омарқұлов.

Алғашқы тәрбиелік сағаттан кейін саптық алаңда сап түзеген ұландықтар қару-жарақ пен әскери техниканы, сондай-ақ әскери мүліктерді дұрыс қолдану, кез келген міндеттерді атқару кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау бойынша сабақтарға тарасты.

Жаңа оқу жылында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұландықтардың алдында көптеген атқарылар жауапты міндеттер тұр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру