Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құқық бұзушылардан 2,5 мыңнан астам қылқан жапырақты ағаш тәркіленді

Қазақстанда құқық бұзушылардан 2,5 мыңнан астам қылқан жапырақты ағаш тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15-31 желтоқсан аралығында елімізде “Шырша” ЖПІШ өтті. Іс-шараның мақсаты – жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу, дайындау және өткізу орындарын анықтау және жолын кесу.

Базарларда және басқа жерлерде 588 мобильді топ құрылды, оның ішінде табиғатты қорғау органдарымен бірлескен – 321. Сондай-ақ 1837 рейд жүргізілді.

ЖПІШ басталғаннан бері барлығы 506 адам әкімшілік жауапкершілікке және 18 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылардан 2,5 мыңнан астам қылқан жапырақты ағаш тәркіленді. Жарты млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде 400 мың теңгесі өндірілді.

Полицейлер атап өткендей, құқық бұзушылар көбінесе шыршалар мен қарағайларды заңсыз кескені үшін, сондай-ақ оларды белгіленбеген жерлерде өсіргені және жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру