Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Депутаттар Ұлттық ұландықтардың қызметімен танысты

Депутаттар Ұлттық ұландықтардың қызметімен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 шілдеде Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаттары Ұлттық ұланның оңтүстік өңіріндегі әскери бөлімінде болды.

Халық қалаулылары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Капбарова қызметтік іссапармен Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөліміне келді. Халық қалаулыларын күтіп алған бөлім командирі Бауыржан Қабылбеков құраманың жауынгерлік қызметімен таныстырды.

Қала тыныштығына жауапты жауынгерлердің тұрмыстық жағдайымен танысқан депутаттарға әскери қалашықтың инфрақұрылымына және ғимараттарының жөндеу жұмыстарына байланысты қордаланған мәселелер жеткізілді. Осы және басқа да әлеуметтік мәселелерді назарға алған халық қалаулыларыалдағы уақытта әскери бөлімнің жауынгерлік даярлығын арттыруға бағытталған материалдық қамтамасыз ету мәселелерін оң шешім табуына ықпал ететінін айтып өтті.

Сапар барысында қонақтар әскери бөлімнің жауынгерлік техникасы жасақталған паркті аралап, қару-жарақ түрлерін көрді. Кездесу соңында халық қалаулылары құраманың Жауынгерлік даңқ бөлмесіне барып, жеке құрамының жауынгерлік қызмет жолы тарихымен танысты. Сондай-ақ қонақтар кітабына естелік жазбаларын қалдырып, жауынгерлерге күнделікті қажырлы қызметтері үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру