Жезқазғанда зейнеткерді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды
Жезқазғанда зейнеткерді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 қыркүйекте Жезқазған қаласының ПБ-на Жезқазған-Сәтбаев тас жолында Кеңгір ауылы маңында белгісіз жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде тұрған 64 жастағы зейнеткерді қағып, қашып кеткені туралы хабарлама түсті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел Жезқазған қаласындағы емдеу мекемесінде қайтыс болды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді.
Куәгерлердің айтуынша, қара түсті ВАЗ-21099 көлігі болған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында патрульдік полицияның жедел іздестіру тобы күдікті – 21 жастағы жігітті анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, ұсталған адамның көлігі тәркіленді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Жол қозғалысы ережесін бұзу) және ҚР ҚК-нің 347-бабы (Жол-көлік оқиғасы орнынан кету) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.