Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жігітке қарақшылық шабуыл жасаған екі тараздық ұсталды

Тараз қаласының полиция қызметкерлері тонау дерегін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласының Полиция басқармасына қарақшылық шабуыл дерегі бойынша облыс орталығының 20 жастағы тұрғыны арызданды. Шағымында жігіт белгісіз адамдардың пышақпен қорқытып, “Samsung galaxy” ұялы телефонын ашық түрде ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткенін айтқан.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі қажетті тергеу амалдары басталды.

Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында, сондай-ақ Тараз қаласының жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары операторларының шұғыл іс-қимылдарының нәтижесінде полиция қызметкерлері 32 және 33 жастағы екі жергілікті тұрғынды ұстады.

Олар өз кінәларын толық мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру