Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы кезекті жеке қабылдауын өткізді

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы кезекті жеке қабылдауын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Азаматтарды жеке қабылдау мәселесі – полиция қызметіндегі басты бағыттардың бірі. Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығы және орынбасарлары бекітілген кестеге сәйкес жазылған азаматтарды қабылдайды. 

Бүгін 8 сәуірде Қызылорда облысының бас полицейі оффлайн режимде екі азаматты қабылдады. Олардың кадр мәселесіне қатысты айтылған өтініштері назарға алынды.
Азаматтардың арыз-шағымдарын қарау барысы Полиция департаментінің басшылығы тарапынан заңнамаға сәйкес қатаң бақылауда. Әрбір келіп түскен өтініш назардан тыс қалмайды.

Департамент бастығының жеке қабылдауына “dvdkzo@mvd.gov.kz” электрондық поштасы және 8/7242/29-71-37,29-56-87,29-50-26 байланыс телефондары арқылы жазылуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру