Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жоғалған шымкенттік қария аман-есен табылды

Шымкентте Әл-Фараби ауданының полицейлері жоғалған қарияны аман-есен тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 ақпан күні сағат 11:50 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына «102» арнасы арқылы хабарлама келіп түскен.  Яғни Республика даңғылы бойында «Асем» сауда үйінің жанында  жасы шамамен 80 жастағы  егде азаматтың адасып жүргендігі туралы хабарлама келіп түскен. Шұғыл іске кіріскен тәртіп сақшылары 1936 жылы туған азаматтың мекенжайын анықтап, қарияны қызына аман-есен табыстады. Өз кезегінде, қарияның қызы полиция қызметкерлеріне шұғыл әрі нәтижелі іздестіру жұмыстары мен кәсіби қызметтері үшін алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру