Жоғалып кеткен мүмкіндігі шектеулі азамат Алматыдан табылды
Түркістан облысының полицейлері жоғалған мүгедек ер адамды үйіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мақтаарал АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, таңғы сағат 07:00 шамасында өзінің мүмкіндігі шектеулі жүре алмайтын ағасының белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмағанын көрсеткен. Өз беттерінше іздеуден еш нәтиже шықпаған соң полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Тәртіп сақшылары осы жайтты тіркеп, жедел іздестіру шараларына кірісіп кетеді.
Полиция қызметкерлері аталған іс бойынша оқиға орын алған жерді толықтай тексеріп, туыстары мен таныстарынан сұрастыру жұмыстарын жүргізген. Жедел қызметкерлер ауданнан шығатын жолаушылар тасымалдайтын бекеттерден сұрастыру кезінде Жетісай ауданындағы базарлардың бірінен шығатын жолаушылар тасымалдайтын автобустардың бірімен Алматы қаласына кеткені мәлім болды.
Полицейлер бір апта бойы жоғалған адамды тауып беру аясында қарқынды жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде, жоғалған азамат Алматы қаласының бірінде қайыршылық жасап жүрген жерінен табылып, отбасына қайтарылды.
Тергеу барысында анықталғандай 58 жастағы аға буын өкілі «ақша табамын» деген оймен үйінен шығып кеткені анықталды. Өз кезегінде бауырымен аман-есен қауышқан ауыл тұрғыны полиция қызметкерлеріне алғыс айтты.
– Ағамды дін аман тауып бергендеріңізге рақмет. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Отбасыларыңыз аман болсын!, – деп, риясыз көңілін жеткізді.