Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол апаты кезінде асыраушысынан айырылған отбасыға сақтандыру өтемақысы төленеді

Шымкентте жол апаты кезінде асыраушысынан айырылған отбасыға 6 млн теңгеден астам сақтандыру өтемақысы төленеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте жыл басынан бері жәбірленушілерге ауыр дене жарақатын салумен және адам өлімімен аяқталған 123 жайт тіркелді. Салдарынан 44 адам қаза тауып, 80 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Осы тұста Шымкент полицейлері адам өмірін ақшамен өлшеуге болмайтынын алайда, жол апаты салдарынан асыраушысынан айырылған немесе ауыр дене жарақатын алған азаматтарға сақтандыру өтемақысы төленетінін еске салады.

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен, қаза тапқан, дене жарақатын алған және материалдық залал келтірілген тұлғаларға ҚР-ның №446 заңының 24-бабына сәйкес сақтандыру өтемақысы төленеді.

– Жәбірленуші қаза тапқан кезде, яғни асыраушысынан айырылып, кәмелет жасқа толмаған балалары қалған кезде 2000 АЕК, яғни 6 миллион 360 мың теңге көлемінде қаржы төленеді;
– Жол апаты салдарынан 1-топтағы мүгедектікке шалдыққан жағдайда – 1600 АЕК;
– 2-топтағы мүгедектікке шалдықса – 1200 АЕК;
– 3-топтағы мүгедектікке шалдықса – 500 АЕК;
– Жәбірленушінің мүлкіне материалдық шығын келтірілсе 600 АЕК дейін өтемақы төленеді.

Көрсетілген қызметті жәбірленушінің өзі немесе оның өкілі тікелей сақтандыру компаниясына жазбаша арызбен жүгіну арқылы жүзеге асырады.

Қажетті ақпараттарды толығырақ сақтандыру компанияларынан білуге болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру