Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол-көлік оқиғасы салдарынан “Аudi 100 C4” көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды

Екі көлік соқтығысып, салдарынан бір жүргізуші көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 тамыз сағат 04.00-де Қобда ауданының тұрғыныАudi 100 C4″ автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласы жағынан “Самара-Шымкент” автожолымен Алға ауданы Сарытоғай ауылының маңында 664 км Қобда ауылы бағытында келе жатып, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кетіп, Ақмола облысы Щучинск қаласының тұрғыны басқаруындағыIveco МІ 80E” маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынанАudi 100 C4″ автокөлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Жол-көлік оқиғасы фактісі ҚР ҚК 345-бабы “Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды және жүргізілуде.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті автомобиль – қауіптілігі жоғары құрал екенін еске салады. Сондықтан, автомобильді басқара отырып, қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдау, жол, метеорологиялық жағдайларды ескеру, қарсы қозғалыс жолағына шығуға байланысты қауіпті маневрлерден бас тарту қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру