Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жыл басынан 92 із-түзсіз жоғалғанды іздеп тапты

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жыл басынан 92 із-түзсіз жоғалғанды іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру – криминалдық полиция қызметкерлері жұмыстарының маңызды желісінің бірі. Полицейлердің айтуынша, жоғалғандардың басым бөлігін екі санаттағы адамдар құрайды: туыстарға жөнін айтпай, табыс табуға кететіндер және спирттік ішімдікке әуестігінен қаңғырып кететіндер.

Мысалы, 34 жастағы петропавлдық криминалдық полиция қызметкерлерімен облыс аудандарының бірінен табылды. Оның жұмысқа орналасқан жерінде байланыс болмағандықтан анасына қоңырау соға алмағандығы және қоңырауларға жауап бере алмағандығы белгілі болды. 27 жастағы Петропавл қаласының тұрғынымен де ұқсас оқиға орын алған, бірақ бұл жағдайда туыстарымен қарым-қатынасы ауыр болғандықтан қоңырауларына жауап бермеген. Полицейлер оны іздеуге бір аптадан артық уақыттарын жұмсаған. Әр бесінші жағдайда тәртіп сақшылары жоғалғандарды мастардың ортасынан, әдетте таныстарының үйінен немесе жалдамалы пәтерлерден тауып жатады. Келесі бір жағдайда 35 жастағы облыс орталығының тұрғыны патрульдік полиция қызметкерлерімен табылған. Олар қала көшелерінен “Volkswagen” автомашинасын тоқтатып, масаң күйде көлік басқарғаны үшін жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырған. Тексеріс барысында туыстарының оны бірнеше күн бойы іздеп жатқандары анықталды.

– Жақындарыңызды өз жоспарларыңыз туралы хабардар етіп отырған жөн, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров. Адамдар туыстарының мазасызданып ұйқы көрмейтіндерін ойламай, өз проблемаларын шешуге не қыдырудың қызығына түсіп кетеді. Тәртіп сақшылары болса, туыстарына жоғалғандардың дін аман екендерін хабарлау үшін ғана күні-түні іздестіру жұмыстарын жүргізіп, жедел ақпараттарды тексереді. Әр іздестіру ісіне қаншама адами ресурстар жұмсалады. Полицейлермен бірге “Қамқор” клубы мен “Лидер” қоғамының волонтерлері де қатысады. Еріктілер көмекке келеді, аудандарға шығады, әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізеді.

2020 жылдың басынан СҚО-да із-түзсіз жоғалған 93 адам тіркелді, оның 17-сі алкогольдік ішімдікке бейім тұлғалар. Қазіргі уақытта із-түзсіз жоғалғандардың 92-сі іздеп табылды. Сонымен қатар, өткен жылдары жоғалған адамдарды іздеу де тоқтатылған емес, бүгінгі күні ондайлардың саны – 44.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру