Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілердің ісі сотқа жолданды

Түркістан облысының полицейлері жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілердің ісін сотқа жолдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Түркістан облысы ПД полицейлері “Facebook” қолданушыларының бірінің парақшасында Сайрам ауданының жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзғандығы анық көрінген бейнежазбаны анықтады.
Сайрам АПБ-нің полиция қызметкерлерінің бірден бағыт алып, жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, аудан көшелерінің бірінде жол қозғалысын бұзған төрт бірдей “Ваз-2107” автокөліктерінің жүргізушілерін ұстады.

Тәртіп сақшылары автокөлік иелеріне ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы (Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу), 590-бабы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу), 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау), 602-бабы (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінің сыртқы жарық түсіру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал берудi қолдану қағидаларын бұзуы), 603-бабы (Көлiк құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу не жедел және арнайы қызметтер автомобильдерiнiң арнайы түстi-графикалық схемаларын заңсыз жазу), 606-бабы (Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы) бойынша айыппұл салып, жинақталған құжаттарды сотқа жолдады. Оған қоса тәртіп бұзушылардың көліктері айыптұрағына қойылды.

Өз кезегінде, жол ережесін өрескел бұзған автокөлік иелері, яғни Сайрам ауданының тұрғындары жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін кешірім сұрап, алдағы уақытта мұндай құқық бұзушылық жасамауға уәде берді.

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен басқа да жол қозғалысына қатысушыларға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады. Маневр жасау ережелерін бұзбаңыз, жылдамдықты асырмаңыз, қарсы жолаққа шықпаңыз, арнайы сигналдарды қолданыңыз, сондай-ақ мас күйінде көлік тізгіндемеңіз.

Жүргізуші есіңізде болсын, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыз! Бұл сіздің өміріңізді ғана емес, сонымен қатар жолаушылар мен жақындарыңыздың денсаулығын сақтауға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру