Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол үстінде телефонмен сөйлескен қарағандылық автобус жүргізушісі айыппұл төлейді

Жол үстінде телефонмен сөйлескен қарағандылық автобус жүргізушісіне шара қолданған полицейлерге қала тұрғыны алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 шілдеде Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне қала тұрғыны Гүлмира Бекова арызданды. Арыздануға басты себеп – қоғамдық көліктердің бірінің жүргізушісі жол ережесін бұзып, ескерту жасаған әйелге дөрекілік танытқан болып шықты.

– Автобус жүргізушісі көлік жүргізу кезінде ұялы телефонмен сөйлесіп, осылайша жолаушылардың қауіпсіздігі мен өміріне қауіп төндірді. Ескерту жасағанымда ол маған дөрекілік танытты – дейді жәбірленуші әйел.

Полиция қызметкерлері автобус жүргізушісін, сондай-ақ оқиғаның куәгерлерін анықтады. Құқықбұзушыға қатысты ҚРӘҚБтК-тің 591-бабы (Көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефон немесе радиостанцияны қолдануы) бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Барлық жиналған материалдар соттың қарауына жіберілді, автобус жүргізушісі айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылды.

Көп кешікпей облыстың ПД-нің “Instagram” әлеуметтік желісіндегі парақшасына Гүлмира Бековадан хат келді.

– Мен Қарағанды қаласының Орталық полиция бөлімінің қызметкерлеріне учаскелік инспектор Қажығали Қазмағанбетовке, Қарағанды қаласының Патрульдік полиция полкінің офицерлері Құсайын Сметовке және Олжас Сүлейменовке алғысымды білдіргім келеді. Бұл қызметкерлер кәсіби және мұқият тексеріп, менің өтінішіме уақтылы жауап берді. Мені полиция қызметкерлерінің сауатты және сапалы жұмысы таң қалдырды. Оларға денсаулық, сәттілік, нәтижелі жұмыс және бәріне сәттілік тілеймін, – деп жазды ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру