«Жолда қабылдау» акциясы: маңғыстаулық полицейлер 400-ден астам тұрғынның сұрағына жауап берді
Екі күндік «Жолда қабылдау» акциясында Маңғыстау облысы бойынша полицейлерге кеңес алу үшін төрт жүзден астам тұрғын жүгінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысында 21 және 22 мамырда «Жолда қабылдау» кең ауқымды республикалық акциясы өткізілді. Оның мақсаты – халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыру, оларға консультативтік және құқықтық қолдау көрсету.
«Жолда қабылдау» акциясы облыстың барлық өңірлерінде Полиция басқарма және бөлімдерінің фронт-офистерінде өткізілді.
Мысалы, Ақтауда – Маңғыстау облысы бойынша мамандандырылған ХҚКО ғимаратында және қалалық полиция басқармасының фронт-офисінде.
Мамандандырылған ХҚКО-дағы «Жолда қабылдау» акциясына облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Болатбек Ақшауов қатысты.
Акция барысында mangistaupd парақшасынан, сондай-ақ қалалық басқарма мен аудандық полиция бөлімдерінің аккаунттарынан тікелей эфирлер ұйымдастырылды, ол бойынша кез келген азамат онлайн-режимде өзін қызықтыратын сұрақтар бойынша толық жауап ала алды.
Айта кету керек, екі күндік «Жолда қабылдау» акциясында облыс бойынша полицейлерге кеңес алу үшін төрт жүзден астам тұрғын жүгінген.