Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Жолда қабылдау» акциясының жарты күнінде СҚО полицейлері 100-ден астам сұраққа жауап берді

«Жолда қабылдау» акциясының жарты күнінде СҚО полицейлері 100-ден астам сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екі күндік «Жолда қабылдау» республикалық акциясы шеңберінде Әкімшілік полиция және жергілікті полиция қызметі басқармасы басшылығы кеңестер беріп, сұрақтар мен ұсыныстарды қабылдады. Жол қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, айыппұлдарды төлеу тәртібі, автокөлікті тіркеу – дәл осы жұмыс бағыттары бойынша әлеуметтік желі қолданушылары сұрақтар қоюда. Акция шеңберінде полицейлер халыққа ыңғайлы болу үшін Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ведомстволық аккаунттарда тікелей эфир ұйымдастырды.

Тек түске дейін тәртіп сақшыларына 132 сұрақ келіп түсті. Олардың басым бөлігіне онлайн режимде жауап берілді, толық жауап беру үшін ендігі бір бөлігі өңделуде.

– «Жолда қабылдау» акциясы ұдайы өткізіледі, кемінде айына бір рет. Желі қолданушыларымен онлайн-тілдесу бізге барлық жағдайларды қадағалауға мүмкіндік береді – жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден елді мекендердің көше-жол желісіндегі мәселелер туралы пікірлерін біліп, талдау жүргізіп, өз құзыретіміз шегінде қажетті шараларды қабылдаймыз, – дейді Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ерлан Мәдиев.

«Жолда қабылдау» акциясы 9-10 қыркүйек күндері өткізіледі. СҚО ПД аппаратының қызметкерлерінен бөлек акцияға қалалық және облыстың барлық аудандық полиция бөліністері қатысады. СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасында 8 (7152) 32-00-22, 32-00-19 телефондары бойынша Call-орталығы жұмыс істейді, жұмыс уақытында әкімшілік және жергілікті полиция қызметі бөліністерінің негізгі жұмыс бағыттарына қатысты барлық сұрақтар мен ұсыныстар қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру