Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жолдағы қабылдау” республикалық акциясының екінші күнінде ақтөбелік полицейлер 300-ден астам азаматқа кеңес берді

 26-27 тамызда Ақтөбе облысындаЖолда қабылдауреспубликалық акциясы өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Акцияның негізгі мақсатыхалық арасынд құқықтық түсіндіру жұмыстары, азаматтардың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыру, соның ішінде Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын тіркеу бойынша консультативтік және құқықтық қолдау көрсету.

Облыстық ПД бастығы Атығай Арыстанов Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына барып, туындаған мәселелер бойынша 10-нан астам автокөлік иелеріне жеке түсініктеме берді.

Қабылдау кезінде ПД бастығына Тараздан келген жүк тасушыкелді. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі РФ-на қарбызды алып бара жатқанда, шекарада жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткені анықталды. Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығында ауыстыру үшін мәселесі туындады, өйткені қабылдау үшін электронды түрде кезекке тапсырыс беру керек. Арыстанов мәселені қысқа мерзімде шешуді тапсырды. Үлкен жүк көлігінің жүргізушісі бірнеше сағат ішінде жүргізуші куәлігін ауыстырып, ПД бастығына және жалпы ақтөбелік полицейлерге алғыс айтып, өз жолын жалғастырды.

Бүгінгі таңда Армениядан әкелінген 1752 автокөлік тіркелген. Әрқайсысымен автокөлік иелері есепке қою қажеттілігі туралы жеке түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Егер көлік иесі объективтік себептермен көлігін белгілеген мерзімде есепке қоймаса, есепке қоюда жеке түсіндіру жұмыстары болады. Сонымен қатар, көрші облыстардағы әріптестермен тығыз қарым-қатынас бар. Мысалы, ақтөбелік азамат БҚО-да армян есебімен автокөлік сатып алған, алайда иесі көлікті ресімдеуден бас тартқан. Біздің қызметкерлер оралдық әріптестерімен хабарласып, мәселені екі күн ішінде шешу керек, – деді А.Арыстанов.

Тіркеу мерзімі қайта жабдықталған және оң қолмен жұмыс істейтін автомобильдер үшін ұзартылады, осылайша олар қайта жабдықталып, сәйкестік сертификатын алады. Бүгінгі таңда мұндай орталықтар екі қалада жұмыс істейді – олар Алматы мен Қостанайда. Басқа облыстарда сертификатталған орталықтар ашу мәселесі шешілуде.Азаматтарды қабылдау сағат 9.00-ден 17-00-ге дейін Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарында жүзеге асырылады. Ақтөбеде “Жолда қабылдау” алты жерде жүргізіледі. Облыс аудандарында акция халықа көмек көрсету ортылағының алдында және Әйтеке би ауданындағы автожолда өткізіледі. Сондайақ, 8 (7132) 936-139 жедел желі телефоны бойыншаҚауырт желіжұмысы ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, облыстық ПД “Polisaktobeресми парақшасында және танымал блогерлердің аккаунттарында 40-тан астам тікелей эфир өткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру